АймақҚоғам

Алматы облысында елді мекендерді газдандыру жалғасуда

Алматы облысында елді мекендерді газдандыру жалғасуда. 798 мың адам тұратын 142 елді мекенде көгілдір отын жеткізіліп, газдандыру деңгейі 30%-ті құрап отыр. Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Текелі қаласында магистралды газ құбыры тартылып, жеке инвестиция есебінен қала ішінде, сол сияқты Ескелді, Көксу аудандарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Балқаш, Қаратал, Кербұлақ аудандарында  «Бақанас», «Үштөбе», «Сарыөзек» 3 АГТС-тың құрылысы аяқталды, «Үштөбе» АГТС биылғы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

Жалпы 2018 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 13,2 млрд. теңге бөлініп, 31 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған, бұл орайда бюджет қаржысының 1 теңгесіне жеке қаражаттың 3 теңгесі сәйкес келеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *