Бейнебаян

Нұрболат Абдуллин қазақ қыздарының сұлулығы жайлы клип түсірді (видео)

Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ, біздің елдің қыздары ең әдемі! Нұрболат Абдуллин қазақ қыздарының сұлулығын әнге қосып, тыңдармандарын тәнті етті. Әнші “біздің елдің қыздары” туындысына бейнебаян түсірген.

Нұрболаттың жаңа әні ел арасында кеңінен таралып кеткен өлең жолдарына жазылған. Онда автор әртүрлі халық аруларымен салыстырып, қазақ қыздарының артықшылығын жеткізуге тырысқан.

Тыңдармандар әннің сәтті шыққанын айтып, Нұрболатқа алғыс білдірді. Алайда олар клиптің бұрынғы бейнебаянға ұқсайтынын айтқандар жетерлік.

“Клиптеріңіздің бәрі бір ыңғайда, өзбектер сияқты кино етіп түсіре алмайтындарыңыз өкінішті”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

“Өте әдемі, жарайсыз”, – деп әншіні қолдады екіншісі.

Дереккөз:  Stan.kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *