АқпаратТаңдаулы

Химия бойынша Нобель сыйлығы кімге берілгені анықталды

Биыл химия бойынша Нобель сыйлығы Фрэнсис Арнольд, Джорджу Смит және Грегори Винтер атты ғалымдарға бұйырды. Олар бұл сыйлықты  химиялық молекулалардың эволюциясына бағытталған жұмысы үшін алды. Енді осының арқасында  жаңа дәрілер жасауға мүмкіндік туды. Бұл туралы  РИА Новости порталы хабарлады.
Жаңалықты сәрсенбіде Швеция корольдігінің ғылым академиясының Нобель комитеті мәлім еткен болатын.  Марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 қарашада Стокгольмде өтеді. Дәл осы күні Нобель сыйлығының құрылтайшысы швециялық кәсіпкер әрі ойлаптапқыш Альфред Нобель (1833-1896) қайтыс болған еді. 2018 жылы Нобель сыйлығының иеленген әр жеңімпазға 9 миллион швециялық крон (бір миллион доллар) беріледі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *