КиноТаңдаулы

«Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері өтті

Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған «Сарайшыққа саяхат» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері болды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

10 бөлімнен тұратын мультфильм балалардың көне Сарайшық қаласына жасаған қызықты саяхаты жайлы сыр шертеді. Q-Daily медиа орталығы осы мультфильмді шығаруға екі ай уақыт жұмсады. «Сарайшыққа саяхат» — Қазақстанда ең жаңа технологиялардың көмегімен шығарылған анимациялық фильм. Сценарийді жазарда Атырау облысының Махамбет ауданындағы көне қаланың орнындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарына барып, зерттеулермен таныстық, ғалымдардың кеңестерін тыңдадық. Көрген-білгендеріміздің бәрін мультипликация тілімен жеткізуге әрекет жасадық. Көрермен қауым біздің жұмысқа оң бағасын береді деген үміттеміз», — дейді жоба продюсері Азамат Атагелдиев.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *