Қоғам

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерге қол жеткізу шарттары

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген (әрі қарай — Бағдарлама).

Бұл Бағдарламаны іске асыру үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қазақстандықтарға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі аясында қолжетімді мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алудың бірегей мүмкіндігін ұсына отырып, қаржы операторы ретінде қатысады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бұл бағдарламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй сатып алу кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады (әрі қарай – кезекте тұрғандар).

Бағдарламаға қатысу үшін не қажет?

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші – қатысушы, соның ішінде, жергілікті органда кезекте тұрғандар Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартының болуы немесе ашуы қажет.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үш бағыт бойыша тұрғын үй сатып алуларына болады:

 

  1. Облыс әкімдіктері арқылы кредиттік тұрғын үй

ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

ҚТҚЖБ сайтында Бағдарламаға қатысуға өтініш беру

Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы

Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

Салымшының әкімдіктермен сатып алу-сату шартын жасау

Тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу

Ерекшеліктері:

 

1 ш.м*. үшін баға:

— Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында -180 мың теңгеге дейін;

— басқа өңірлерде 140 мың теңгеге дейін.

Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ – жылдық 5,2%);

Тұрғын үй ауданы – 80 шаршы метрден көп емес;

Әкімдікте кезекте тұрғандар арасында 50%-дан кем емес тұрғын үйді бөлу;

Әрленуі – таза

*инженерлік желілер құнынсыз бағасы

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесі;

ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте төлем қабілеттілігін растау;

өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйінің болмауы;

өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату және тұрғын үйінен айыру дерегінің болмауы;

Астана және Алматы қалаларында кредиттік тұрғын үй алуға үміткер қатысушылар үшін көрсетілген қалалардағы тұрғылықты жері бойынша кемінде соңғы 2 жыл тұрақты тіркеуде болуы талап етіледі.

  1. Жеке құрылыс салушылар арқылы тұрғын үй сатып алу

 

ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

ҚТҚЖБ сайтында Бағдарламаға қатысуға өтініш беру

Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы

Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

Құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасау

Тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу

Ерекшеліктері:

 

1 ш.м*. үшін баға:

— Астана, Алматы қалаларында және қала маңындағы аймақтарда — 260 мың теңгеге дейін;

— басқа аудандар 220 мың теңгеге дейін.

Әрленуі – таза

«ҚИК» ИҰ» АҚ арқылы заемдары субсидиялау мүмкіндігі

  1. Жеке тұрғын үй құрылысы

 

ҚТҚЖБ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау

Тұрғын үй сатып алуға заемды ресімдеу мүмкіндігі үшін кем дегенде ҚТҚЖБ-дағы шотта тұрғын үй құнының 30%-ы болуы

Кезекте тұрғанның жолдама алу үшін әкімдікке жүгінуі

ҚТҚЖБ-ға өтінім беру

Салымшының төлем қабілеттілігін ҚТҚЖБ-ның тексеруі

Иинженерлік коммуникациясы жүргізілген жер телімдерінде әкімдіктің жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруы

Әкімдікпен сатып алу-сату шартын жасау

Кезекте тұрушы тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ-дан заем алу

Ерекшеліктері:

Салымшы – жер телімін алуға әкімдікте кезекте тұрушы

1 ш.м*. үшін баға — 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желінің құнынсыз). Тұрғызылған үйді іске асыру кезінде жалпы құнына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдарға шығындар қосылады.

«КИК ИҰ» АҚ арқылы кезекте тұрғандарды, заемдары субсидиялау мүмкіндігі:

— субсидиялануға жататын заем сомасы:

Астана және Алматы қалаларында 20 млн. теңгеге дейін;

Басқа өңірлерде 15 млн. теңгеге дейін;

— Қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін;

— Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 12% (ЖТСМ – жылдық 12,6%), субсидияның кредит бойынша мөлшерлемесінен жылдық 7%-на дейін, заемшы үшін субсидиялаудан кейін кредит бойынша мөлшерлеме — жылдық 5%-дан бастап.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:

ЖАО–да жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекте туруы

«Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкімет бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылысының бағыттарын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның қатысуымен іске асыру» бағыты бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен және «2020 ж. дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» бағыты бойынша:

ЖАО-да кезекте тұрғандар, жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй;

«Бәйтерек девелопмент» АҚ және ЖАО кредиттік тұрғын үйлері.

«ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты

Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына қолжетімді баспананы жүзеге асыру арқылы халықтың өз тұрғын үй шарттарын жақсарту жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жағдай жасау.

Бағдарлама қатысушылары

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу мақсатында өтініштер беру кезінде Банктегі жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинағы түрінде кемінде 500 000 теңге сомасы көлемінде міндетті жинақтары бар Банктің барлық салымшылары.

Бағдарлама ерекшеліктері

Салымшылар үшін Астана және Алматы қалалары бойынша сатып алатын тұрғын үй бойынша жергілікті 2 жылдық міндетті тіркеуден өту талабының болмауы.

Тұрғын үйді сатып алу кезінде салымшының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде қандай-да бір жылжымалы мүліктің тіркелмеуі туралы шарттың болмауы.

Салымшылардың дауыс беру арқылы құрылыс нысанын таңдауға тікелей қатыса алуы.

Салымшылардың үлестік қатысу туралы келісімді жасасу арқылы құрылысы аяқталған немесе жүргізіліп жатқан бірінші нарықтағы тұрғын үйді алу мүмкіндігі.

Бағдарлама шеңберінде несие беру шарттары

Несие жөніндегі пайыздық мөлшерлеме өтініш беруші-қатысушының төлемқабілеттілігін анықтау кезінде Банктегі жинақтау шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі жинақ деңгейі мен заем түріне байланысты.

Алдын-ала заем сатып алатын тұрғын үй құнының 30%-ын жинақтау кезінде – 9,5%.

Аралық заем сатып алатын тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау кезінде – 7,5%-дан 8,5%-ға дейін.

Тұрғын үй заемы сатып алатын тұрғын үй құнының 50%-ын кемінде 3 жыл жинақтап, қажетті бағалау көрсеткішіне жету кезінде – 3,5%-дан 5%-ға дейін.

Несиелеу мерзімі

Таңдаған заем түріне байланысты максималды несиелендіру мерзімі 25 жыл.

Өтініш беруші-қатысушының бағдарламаға қатысуы үшін қажетті шарттар:

 

Банктің сайтындағы «Интернет-банкинг» бөлімінде тіркеуден өту

Қажетті бөлімде «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру

Ұсынылған құрылыс нысаны үшін дауыс беруге қатысу

Төлемқабілеттілікті анықтау процедурасынан өту

Тұрғын үйді бөлу қортындыларымен танысу

Тұрғын үйді брондау процедурасынан өту

Тұрғын үйді сатып алу мен несиені рәсімдеуге қатысты процедуралардан өту

Дереккөз: Баспана.кз

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *