КиноТаңдаулы

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінде басты кейіпкердің балалық шағын сомдайтын актриса іздеуде

Баланың сыртқы келбеті фильмде басты рөлді ойнайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс.

Кастингке қатысушылар қойылатын талаптар: жасы 3-10 жас аралығындағы қыздар, толық, орта және орта ауқымда тұла бойы түсірілген, фильтрсіз және көзілдіріксіз түскен фотографияларды поштаға жіберу қажет.

Сондай-ақ, аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы, көзінің және шашының түсі, түсірілімдердегі тәжірибесі туралы ақпарат жіберу керек.

Кастингке барлық ұлт өкілдері қатыса алады. «Фото және анкета [email protected] электронды адресі бойынша қабылданады. Қатысушы түсірілім тобының көңілінен шықса, олар сіздермен байланысқа өздері шығады.

Назар салыңыз! Кері байланыс үшін өзіңіздің телефон нөмірлеріңізді көрсетуді ұмытпаңыз», — делінген хабарламада.

Қастингке қатысу ақысыз.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын аталған туындының режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында Қазақстанда түсіріліп жатқан «Томирис» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдайтын актрисаның есімі анықталғанын жазған болатын.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *