АймақТаңдаулы

Айгүл Мүкей лифтте қаза тапқан тележүргізуші жайлы: Шенеуніктерге ең ауыр жаза қолдану керек

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Ақтөбе лифтінде көз жұмған әріптесі Айзат Әбдісаматтың туыстарына қайғырып көңіл айтты. Ол жарамсыз лифт салуға атсалысқан жандар мен шенеуніктерді түгел жазалауды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Жап-жас әріптесім, “Қазақстан-Ақтөбе” арнасының тележүргізушісі Айзат Әбдісаматтың өлімі мені есеңгіретіп тастады. Айзаттың отбасына, ата-анасы мен күйеуіне, барлық жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманды болсын, қызыңыз… Жаны жәнатта болсын.

Ол енді ғана отбасылық өмірдің қызығын көріп жатқан шағында қыршынынан қиылды. Шенеуніктерге әділетті түрде қатаң жаза қолдану керек деп ойлаймын. Мынадай адам өлтіретін сұмдық лифтті тұрғызғандардың барлығын жазалау қажет. Басқа сөзім жоқ, топырағың торқа болсын, Айзат”, – деп пікірін білдірді Айгүл Мүкей.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты күні кеше қылмыстық іс қозғалды

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *