Саз әлеміТаңдаулыШоу бизнес

Батырхан Шүкенов атындағы республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылмақ

Мамырдың 16-18-і күндері аралығында Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған  «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келген бұл байқауды Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.

Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталады. Байқаудың басты ерекшелігі  әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Конкурстың бірінші кезеңінде талапкер  еркін тақырыптағы  әнді  фонограммамен  (минус-1) орындаса, ІІ кезеңде Батырхан Шүкеновтің әнін  инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуы тиіс. Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады. Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келмек.

Айта кетейік, байқауға қатысу туралы өтінімдерді 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы мен  Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына жіберу керек.

18-мамыр конкурс талапкерлерінің қатысуымен ашық аспан астында Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған Гала-концерт болады. Дәл осы күні Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылып, ас беріледі. Сонымен қатар, өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Байқау тұңғыш рет 2016 жылы өтіп, оған 27 өнерпаз қатысқан еді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *