Афиша

Қазақстанның халық артисі Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVI республикалық фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың 17-21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында Астананың 20 жылдығы мен көрнекті театр актері және режиссері, Қазақстанның халық артисі Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVI республикалық фестивалін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы театр өнерін насихаттау; дәстүрлі театр өнерін сақтау және дамыту, талантты әрі дарынды театр әртістері мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, сондай-ақ заманауи сахна үрдістерінің басым бағыттарын анықтау, жас ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар көрнекті театр актері және режиссері, Қазақстанның халық артисі Райымбек Сейтметовтің өмірі мен қызметін насихаттау, оның шығармашылығымен көпшілікті таныстыру, мәдениет қайраткерінің есімін мәңгі есте қалдыру болып табылады.

Фестиваль аясында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласының Жастар театры, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Бәйтен Омаровтың «Жас сахна» театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, Азамат Сатыбалдының театры «Theatre 28», «LABORATORY #316» Тәуелсіз театр труппасы ұжымдарының орындауында Б.Вахапзаде, Ғ.Мүсірепов, Л.Разумовская, Б.Жандарбеков, Дон Нигро, Г.Бюхнер және Ф.Дюрренмат сияқты шетелдік, отандық, классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарымен таныса алады.

Іс-шараның ашылу салтанаты 2018 жылдың 17 қыркүйегінде, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ғимаратында өтеді. Сол күні сағат 17.00-де Қазылар алқасы және Ұйымдастыру комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты, сағат 18.00-да іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Ал, 2018 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 18.00-де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында лауреаттарды марапаттау мен фестивальдің жабылу салтанаты болады.

Шара барысындағы барлық спектакль көрсетілімдеріне кіру тегін.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *