АфишаРуханият

Алматыда дәстүрлі «Алматы Көктөбе-Опера-2018» фестивалі өтеді

Алматыда қала күні аясында 25-26 тамызда дәстүрлі ашық аспан астындағы музыкалық фестиваль «Алматы Көктөбе-Опера-2018» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл — Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ең маңызды фестивальдардың бірі. Мұнда операның үздік солистері мен шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен әлемдік балеттік нөмірлерді көруге болады», — деді қалалық Мәдениет және архивтер басқармасынан.

Дирижер, ҚР еңбек сіңірген әртісі Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыка өнерінің туындыларын орындайды. Фестивальге Италияның теноры, «Опера Оскары» («Oscar Della Lirica») сыйлығының «Жаңа ұрпақ» номинациясы бойынша жеңімпазы Винченцо Констанца қонақ болады.

Еске сала кетсек, Алматы күнін мерекелеу аясында мегаполисте 100-ден астам іс-шара жоспарланған. Бағдарламада бұдан өзге  Халықаралық «ARTBAT fest» заманауи өнер фестивалі, ашық аспан астындағы «Оркестрлер фестивалі», «KITAP FEST» кітаптар фестивалі, «Family Festival» атты отбасы күні, халықаралық «Almaty garden show» бақшалар фестивалі, Қазақстандық «GAKKU дауысы» музыкалық фестивалі, қалалық дәстүрлі «ALMA Fest» алма фестивалі өтеді.

Дереккөз: Қазақпарат

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *