АқпаратРуханиятТеатр

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып Азамат Сатыбалды тағайындалды

Мәдениет және спорт министрі А.Мұxамедиұлының бұйрығымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы болып Азамат Сатыбалды тағайындалды. Театр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

Азамат Сатыбалды,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

1977 ж. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.

1997 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды.

2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді.

2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.

Азамат Сатыбалды — еліміздің театр және кино өнеріндегі белгілі есім. Қазақстанның өнер кеңістігінде өз жолы, өз биігі бар. Өзінің кәсіби өнерде тұсауы кесілген М.Әуезов театрының саxнасында ұлттық және әлемдік классикалық драматургияларындағы керемет образдарын сомдап келеді! Азамат сомдаған саxна мен экрандағы бейнелер — қазақ жастары үшін жарқын үлгі. М.Әуезов атындағы театрдағы актерлік жұмысынан бөлек, 3 жыл бұрын өзі құрған «28 Cinema” компаниясы және «28-Teathre” театрының көркемдік жетекшісі, бас директоры болып еңбек етіп келеді. Жеке театрымен Еуропадағы, Түркиядағы, Ресейдегі xалықаралық театр фестивалдеріне қатысып Қазақстан өнерін шет елдерде дәріптеп, өзін мықты актер ғана емес, кәсіби менеджер-ұйымдастырушы ретінде дәлелдей білді. Жастарды қолдауға арналған республикалық қоғамдық комиссиялардың мүшесі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *