Қызық...

Наурыз көже дайындау жолдары

Міне, күн мен түннің теңеліп, табиғаттың оянатын кезі де таяп келеді. Бұл «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсы» деп аталады. Яғни қыстан аман қалған ағайын аман-есен көктемге ілінгенін үлкен ұлық мереке етіп атап өтеді. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді.

Жаңа күн, жаңа жыл келер ұлық мерекеге арнайы Наурыз көже дайындалады. Наурыз көженің қатып қалған рецепті жоқ. Ең негізгі компоненті – сүр ет, түрлі дәнді дақыл мен қатық. Ал сүр етке қоса майлы қазы болса, бидай, арпа, тары, жүгері, т.б. мүмкіндігінше жеті түрлі дақылға жеткізуге болады. Ал егер осылардың бірі болмаса наурыз көже дайындалмайды деген сөз емес. Жоғарыда атап өткен негізгі компоненттердің бірі болмаса дәмді болмауы әбден мүмкін.

Алдымен етті асады. Сүр етте онсыз да көбік аз шығады, бірақ соның өзінде сорпаның таза шығуын қадағалау керек. Кейбір адамдар дәнді дақылдарды бөлек пісіріп алады, кейбірі етпен бірге пісіреді. Біздіңше, бөлек пісіріп алған жөн. Піскен етті алып турап, оның сорпасына піскен дәнді дақылдарды саласыз. Туралған етті де сол сорпаға қосасыз. Ыстық кезінде де аздап қатық қатып ішуге болады. Дұрысы – көже біршама салқындаған кезде қатықты үстіне аздаған су құйып езіп, сорпаға қосу керек. Бір ескерте кетер мәселе – көжеге ерекше дәм беретін,  тіл үйірер тамаша қасиетке ие ететін екі зат – СҮР ЕТ және сапалы ҚАТЫҚ. Көжеге дүкендегі айранды да қосуға болады. Бірақ одан көженің дәмі сәл солғындау болады.

Ең бастысы – ниет. Көжені қыстан қалғанның бәрін қосып, дайындай беруіңізге болады 🙂

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *