Өз сөзім

Өз сөзім…

Ілгеріде жарық көрген кітаптардың аннотациясы «кітап ізгі ниетті оқырман қауымға арналады» деп аяқталатын… Ізгі ниетті оқырман, мәртебелі оқырман жоқ емес, бар. Бірақ, біздің интернет сайттардың көбісі сол ізгі ниетті оқырман үшін емес, рейтинг үшін жұмыс жасап жатқаны рас. Жасырып, жабатын түгі жоқ. Төсектің айналасындағы өсекпен оқырман тартқысы келеді. Сол себепті де әлеуметтік желідегі балаққа жабысқан шоңайнадай сілтемелердің біреуін басқан емеспін…

«Құлан құдыққа құласа – құрбақа сайтына рейтинг жинайды…» деген сөзіміз де сол реніштен туған. Шіркін, ұсақ-түйектен биік тұратын, қақ-соқпен ісі жоқ, ақсүйек портал болса ғой деп армандаушы едім. Сол арманның жетегімен, үміт дүниясымен осындай бір қадамға барып жатырмыз. Әрине, армандау бар да, оны іске асыру бар. Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама дейді. Бірақ, тәуекел түбі жел қайық екенін де ұмытпауымыз керек. Алдағы күндерден үміт жоқ емес. Бұл басы ғана…

1 thought on “Өз сөзім…”

  1. Сәттілік тілеймін! Қызықты мазмұн, сауатты оқырман, құнды пікір көп болсын!

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *