Ақпарат

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары теңге курсының төмендеу себебін түсіндірді

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов теңге курсының күрт төмендеуіне қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық банктің сайтында күн сайын  дамыған нарық валюталарының бағамын енгізіп отырамыз. Онда бразилиялық, мексикалық валюталар бар. Олардың арасында 4%-ға дейін айырмашылық болып түрады. Сондықтан бұл ақшаның құнсыздануы емес. Бұл жай ғана нарықтағы бағамның ауытқуы», – деді Алпысбаев.

Оның айтуынша, валюта бағамының ауытқуы іргелі факторларға байланысты болса, онда Ұлттық банк интерванция жүргізбейді.

«Егер теңгенің ауытқуы іргелі факторлармен байланысты болмаса, онда интервания жасаймыз. Кейде сарапшылар валютаның ауытқуын саяси оқиғалармен байланыстырып жатады», – деді Ахметов.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *