Кино

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

2018 жылдың 18 қазанынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы өндірген толықметрлі анимациялық «Мұзбалақ» фильмі прокатқа шығады.

Бұл туралы Қазақфильм  киностудияның баспасөз қызметі ресми парақшасында хабарлады.

Фильмнің режиссерлері — Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Мультипликациялық фильм адам баласының бүркітті қолға үйретуі, олардың арасындағы достық қарым-қатынасы туралы деуге болады. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналап келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады. Ақыры абжылан қайта жер астына қашып жоқ болады. Ал қыран отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылып, өзінің айдаһарға айналар сәтін асыға күтеді. Сонымен қатар, фильмде қазақтың саятшылық дәстүрі де суреттеледі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *