Кино

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» фильмінің кадрларын көрсетті

Режиссер әрі продюсер Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің түсірілімін аяқтап қалды. Бұл туралы қоюшы Инстаграмдағы жеке парақшасы арқылы хабарлап, бір жағынан болашақ таспаның көріністерін жариялады.

«Достар, біз жақында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің түсірілімін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кеше Астанада алғашқы түсірілім күннен бастап, бүгінге дейін бізбен бірге еңбек еткен басты кейіпкерлерімізбен, Англиядан келген әрлеушілер мен көптеген мамандарымызбен соңғы түсірілім күнін өткіздік. Негізі, түсірілім соңына таяп қалғанда, қуанышпен қатар, көңілдің түскені де байқалады… өйткені киноны айлап, күн сайын, суық пен ыстықта бірге түсірген адамдармен қоштасу сәті келеді, қимастық сезімі орнайды, себебі сен олармен бір түсірілім алаңында тұрып, еңбек еттің, өмір сүрдің. Тағы да Үлкен жобамызға атсалысқан адамдарға шынайы Алғысымды білдіргім келеді, келесі түсірілім алаңында қайта қауышқанша», — деп жазды Ақан Сатаев.

Друзья, мы на днях планируем завершить съемочный период нашего фильма «Путь Лидера. Астана» 😎🎬🎥 . Вчера, в Астане была крайняя съемочная смена наших главных героев, гримеров из Англии и многих специалистов, которые трудились с нами с первого съемочного дня. Заметил, когда съемки близятся к завершению, всегда помимо Радости, есть нотка грустинки… так как настает момент расставания с людьми, с которыми ты делал Кино и месяцами, каждый день, в холод и жару, жил и трудился на одной съемочной площадке… . Хотел бы еще раз выразить искреннюю Благодарность всем, кто закончил работу в нашем Большом проекте 🙏🙏🙏 …и пожелать до новых/скорых встреч на следующих съемочных площадках 🙏✊️😎 . #ПутьЛидераАстана #kazakhfilm #dreamteam #sataifilm #поддержимКЗкино

A post shared by Akan Satayev (@akansatayev) on

«Елбасы жолы. Астана» фильмі – Нұрсұлтан Назарбаев жайлы фильмдер топтамасының алтыншы бөлімі. Таспадағы оқиға 90-жылдардың ортасында, жас Астананың салыну кезеңінде өрбиді.

Жаңа картинада мемлекет басшысын Мұрат Ахманов сомдайды. Актердің сырт келбетімен тобымен бірге Оскар иегері, Англиядан келген әрлеуші Марк Кульер жұмыс істеді.

Еске салсақ, фильм түсірілімі 2017 жылдың желтоқсанында Алматыда басталған болатын, ал қаңтар айында түсірілім тобы Астанаға ауысты.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *