Кино

Түркияның телеарнасында қазақ фильмдері көрсетілмек

Түркиялық «TRT» телерадиокомпаниясының Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар іскерлік мақсатта Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркиялық «TRT» телерадиокомпаниясының Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар іскерлік мақсатта Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде түркиялық өкіл корпорация басшылығының киностудия картиналарын түрік телеарнасында көрсетуге ниетті екенін білдірді.

«TRT» телерадиокорпорациясы — бірнеше радиостанциялар негізінде 1964 жылы құрылған. Қазіргі уақытта корпорацияға ондаған халықаралық және аймақтық теле-радио арналар кіреді және олар бірнеше тілде хабар таратады. Қазақстанда да корпорацияның бөлімшесі ашылған.

Енді біздің корпорацияға тиесілі «TRT Avaz» телеарнасында аптасына бір рет түркітілдес елдердің киноларын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда, біз «Қазақфильмге» келіп отырмыз, өйткені бұл киностудия Қазақстандағы басты және түрлі жанрдағы сапалы кино өндіруші болып саналады. Біздің қазіргі мақсатымыз — сіздердің фильмдеріңізбен танысып, тарихыңыз бен мәдениетіңізді көрсететін туындыларды таңдап алу», — деді кездесу барысында Абдулхамит Авшар. Өз кезегінде «Қазақфильм» киностудиясының аудиовизуалды жобалар басшысы Олжабай Мұсабеков киностудия шығарған фильмдер каталогын беруге дайын екеніндігін жеткізді. «2009 жылға дейін түсірілген фильмдер пленкада сақталған. Алайда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының көмегімен сандық жүйеге өткіздік. Ескі және жаңа фильмдерді сіздерге қажетті форматта беруге дайынбыз», — деді Олжабай Мұсабеков.

Айта кетейік, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті.

1960 жылы «Қазақфильм» атауына ие болып, 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Бүгінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ — көркем, деректі, анимациялық кино өндірісімен айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания.

Дереккөз: Қазақпарат

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *