Саясат

Марғұлан Сейсенбай елге оралады

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембай елге оралатыны туралы әлеуметтік желіде жария етті

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембай елге оралады. Бұл туралы ол өзінің фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті. 

«Достар, мен Қазақстанға оралып жатырмын! Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және отбасымның қауіпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасады, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз! Менiң жағдайымды түсiнiп, ақылдарын айтып, кемеңгерлiктерін көрсеткен «жоғарыдағы» кiсiлерге (аттарын атамай-ақ қояйын) рақмет айтқым келедi! Маған барлық көмектерiн аямай қызмет көрсеткен барлық адамдарға рақмет! Менiң барлық достарыма, жазылушыларыма бей-жай қарамағандары үшiн, қамқорлықтары мен ізгі ниеттері үшiн көп рақмет! Қазақстан, мен сені сүйемiн! Қазақстанда көрiскенше!», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Марғұлан Сейсембай «БТА банктен қаржы жымқырған» деген күдікпен тұтқындалған Ескендір Ерімбетовтің ісіне байланысты жауап алуға шақырғаннан кейін елден кетіп қалған болатын. 10-қаңтар күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған постында ол «біраз уақыттан бері» шетелде тұратынын, егер «өзі және отбасының қауіпсіздігіне кепілдік» берілсе, Қазақстанға оралуға әзір екенін мәлімдеген еді.

Осы мәлімдемеден үш күн өткен соң Марғұлан Сейсембаев АҚШ-тың Висконсин штатында екенін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлаған. Өзіне қолдау танытқандарға алғысын білдірген ол «мұндай реакция болады деп күтпегенін» жазған. Сейсембаев қазір америкалық бизнес-серіктестерімен бірқатар жобалар бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *