АймақРуханият

Алматы облысында ашық аспан астындағы музей пайда болмақ

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы жалпы сомасы 4,8 млрд.теңгені құрайтын 255 жоба іске асырылды. Қазақстандағы тұңғыш «Рухани жаңғыру» орталығы Талдықорған қаласында іске қосылды. Бұл жайында облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында айтылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ұлы жебе» мемориалдық кешені ашылды. Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі салынды.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Жетісудың жеті кереметі» ашық аспан астындағы археологиялық саябақтар мұражайға айналады. Сондай-ақ, «Жетісудың жеті өнері» атты ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар, «Цветение яблони Сиверса» туристік фестивалі және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *