СаясатТаңдаулы

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты

Бұл туралы «Ақорданың» Фейсбук желісіндегі ресми парақшасында жарық көрді.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырып, Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Елбасы партия алдында тұрған қазіргі міндеттерге ерекше назар аударды.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы, 28 қаңтарда  Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы «Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации», 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым — қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылғы ақпаннан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен марапатталған. 2003 жылы Джон-Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Үйленген, үш баласы бар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *