Аймақ
Алматы облысында картоп өсіру өндірістік деңгейде қолға алынады
Алматы облысы биылғы жылы картоп өсіруді өндірістік деңгейде дамытуды бастағалы отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Картоп өсіруге маманданған Райымбек ауданында осы жылы облыс басшылығының қолдауымен картоп өсіруге ерекше ден қойылып, арнайы ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынатын 2 сервистік-дайындау орталықтары құрылатын болады. Бұл орайда ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге де қолдау көрсетілмек. Бұл ауданда сыйымдылығы 16 мың тонналық көкөніс сақтау қоймалары бұрыннан бар. Картоп өсірудің қыр-сырын жақсы білетін Кербұлақ ауданының шаруашылықтары да бұл іске атсалысатын болады.
Атап өтсек, Іле ауданындағы индустриалды аймақта «Фарм Фритс» Трансұлттық компаниясын тарта отырып, картоп өңдеу жүзеге асырылмақ.