Аймақ

Алматы облысы жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізбек

Биылғы жылы Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 251 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1126 пәтер мен 27 нысанның инженерлік-коммуникациялық жүйесін жасау жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында жасаған баяндамасында облыс басшысы Талдықорған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында коттедж қалашығы құрылысының пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастағанына тоқталып өтті. Оған 2 млрд. теңге бөлінген.  Барлығы 606 үй болса, соның 48 пәтерлік 12 үйі мен 124 коттеджі биыл салынбақ.

— Дегенмен облыс тұрғындарын баспанамен қамту көрсеткіші бір адамға шаққанда әзірге 18,5 шаршы метрден айналады. Мемлекет басшысы Жолдауында 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 30 шаршы метрге жеткізуді міндеттеп отыр. Ол үшін біз тиісті шараларды қабылдап, жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізетін боламыз, — деді А. Баталов.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *