АқпаратДенсаулық

Бюджет қаржысымен шетелде емделуге жолдама қай санаттағы азаматтарға беріледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан азаматтарының жекелеген тізімі туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселесін шешу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс органының қарауына тиісті құжаттарды енгізеді. Жұмыс органы аталған құжаттарды қарастырып  ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жіберу жөніндегі комиссияның отырысына шығарып, шешім қабылдайды», — деп жауап берді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына министрліктің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова. Департамент директоры сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін ұсынды. «Олар: көрсетілімдері болған және ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар. Сонымен бірге, ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен, ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері», — делінген жауапта. Министрліктің өкілі шетелге емделуге жолданған пациенттің шығындары бюджет қаражаты есебінен өтелетінін мәлім етті. «Бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жолданатындар — көбіне әр түрлі онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттер», — дейді Лаура Ахметниязова. Министрлік өкілінің жауабына сәйкес, Қазақстандағы өзге өңірлерден гөрі Алматы және Астана қаласы, Шығыс Қазақстан және Алматы облысынан науқастар шетелде емделуге көбірек өтінім береді.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *