Ақпарат

Синпотиктер Алматының мамыр айындағы ауа-райын болжады


Синоптиктер Алматыда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК алматылық филиалының инженер синоптигі Акзер Ашимнің мәліметінше сәуірдің 27-нен 30-на дейін жауын шашын болмайды. Ауа температурасы түнгі уақытта +2…+7 градустан +8…+13 градусқа дейін көтеріледі, ал күндіз +15… +20 градустан +23…+25 градусқа дейін көтеріледі.  1 және 2 мамырда жаңбыр жауады деп күтіледі. Бұл күндері ауа температурасы түнгі уақытта 5-10 градус жылы, ал күндіз 15-20 градус болады.  «Мамырдың 1-нен 5-не дейін және 15-нен 20-на дейін ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта 7-12-ден 2-7 градусқа түседі, ал күндіз 22-25 градустан 15-20 градусқа дейін түседі. Одан кейін ауа температурасы көтеріледі: түнгі уақытта 12-17 градус, күндіз 23-30 градус жылы. Мамырда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай тұрады. Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады, негізгі норма — 106 миллиметр», — деді Акзер Ашим.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *