Шымкенттің элиталы топтағы тұрғындары енді су жаңа қалашықта көрші боп тұратын болды. Шаһарда жаңа Park Residence деп аталатын қалашық пайда болды.
Мұнда көздің жауын алатын 250 үй бой көтеретін болады. Қазіргі таңда жиырма шақты үй сатылып қойған.
Жалпы мұндай жобаны салу идеясы меценат азаматқа жеті жыл бұрын келген. Өзіне өмір сүру үшін ыңғайлы болатын жер іздеп басы қатқан қалталы азамат білек сыбана кірісіп кетеді.
Сол сияқты мен де тұратын жақсы жер іздедім. Жеті жылдай дүние жүзін аралап шықтым. Дубайда, Шанхайда, Ыстамбұлда, Еуропаның басқа да қалаларында болып қалашықтарын көрдім. Шымкенттегі бұл қалашық Қазақстан былай тұрсын, Орталық Азияда теңдесі жоқ«, — деді кәсіпкер Молдасейітов.
Айта кетерлігі, мұндағы коттедждер мен таунхаустардың әр шаршы метрі 260 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ балабақша, спорттық алаңша, сегіз жүз метрлік жүгіру алаңшасы, фитнес және мейрамхана сынды қажеттіліктердің барлығы қалашық ішінде орналасқан.
Дереккөз: NUR.KZ