АқпаратТаңдаулы

Дариға Назарбаеваның қызы тұрмысқа шықты

Венера 22 жасар Дален Чайжунусовқа тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт әйгілі Чайжунусовтар әулетінің мүшесі.

23 маусымда Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Венера күйеуге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Венера әйгілі Чайжунусовтар әулетінің мүшесі, 22 жасар Дален Чайжунусовпен отбасын құрды.

Күйеу жігіт Алматыда туып-өскен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Венера — студент, қоғаммен байланыс және өнер саласында білім алуда, анасы Дариға Назарбаеваның қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысады.

Жас жұбайлардың жақын достарының сөзінше, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан, ал сөзбайласу ағымдағы жылдың мамыр айында өткен.

Жас жұбайлардың үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақ үйінің бал залында өтті. Салтанатты рәсімге отбасының жақын туыстары мен достары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Бірінші Ханымы жастарға ақ баталарын беріп, ұзақ жылдар бойы бақытты ғұмыр кешулерін тіледі.

Айта кету керек, той қазақтың салт-дәстүрлеріне сай өтті.

Тойдың ас мәзірінде ұлттық тағамдармен қатар, еуропалық тағамдар да болды. Ал кештің сәнін отандық әншілер кіргізді.

Жастарды құттықтауға Дариға Назарбаеваның ескі досы және шығармашылық серіктесі, Филип Киркоров келді.

Дариға Назарбаева қазір 7 жасар ұлы Асылжан мен 7 жасар немересі Сұлтанды тәрбиелеп отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *