АқпаратҚоғамТаңдаулы

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

1. Елдің әлеуметтік-эконо­ми­калық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұр­ғыдан қам­тамасыз ету ісін­де­гі бұ­қаралық ақпарат құ­рал­да­рының елеулі рөлін ес­кере отырып, Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің бұ­­қа­ра­лық ақпарат құ­рал­дары са­­ласындағы сыйлықтарын бе­ру, грантта­рын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық ко­мис­сияның ұсы­ны­мын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президент­інің бұқаралық ақпа­рат құрал­дары сала­сын­дағы сыйлықтары берілсін:

Дорофеев Михаил Викторовичке – «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторына отандық бұқара­лық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды да­мы­туға қосқан үлесі үшін;

Танысбай Ләззат Мұрат­қызына – «Астана» рес­пуб­ликалық телеарнасының бас директорына қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қос­қан елеулі үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпа­рат құралдары сала­сындағы гранттары тапсырылсын:

Әділова Айгүл Нұрхан­қы­зына – «Хабар» ре­с­пуб­ли­калық телеарнасының сарап­та­ма­лық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мем­ле­кет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;

Жиенәлі Мейіржан Әлібек­ұлына – «Қазақстан» ұлт­тық телеарнасы ақпарат­тық-сараптамалық бағ­дар­ла­ма­лар дирек­ция­сы дирек­торының орынбасарына отан­­­дық телевидениедегі ақ­па­рат­тық-сарап­­тамалық бағ­­­дар­ламаларды ілгеріле­ту ісін­­­де қол жеткізген кәсіби же­­тіс­­­тік­тері үшін;

Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің бұқаралық ақ­па­рат құрал­дары сала­сын­дағы Алғысы жариялан­­сын: «Алматы» телеарнасының шығар­ма­шылық ұжымына отандық телевизиялық жур­на­листиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;

«Астана ақшамы» рес­пуб­­ликалық қо­ғамдық-саяси газетінің шығар­ма­шылық ұжы­мы­на Астананың әлеу­меттік-эко­номикалық және мәдени-гуманитарлық да­муы­ндағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәсе­ле­лерді жа­рия­лап-көрсетуге қосқан ерек­ше үлесі үшін;

«Балдырған» респуб­ли­калық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақ­с­тан­дық патриотизмді ны­ғай­ту­ға қосқан зор үлесі үшін;

«Өзбекстанның ұлттық те­ле­радио­ком­паниясы» шы­­ғар­машылық ұжымына Қа­зақ­стандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынты­мақтастығын дамыту мәсе­ле­лерін жариялап-көр­сеткені үшін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпа­рат құрал­да­рында жария­лан­сын. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2018 жылғы 25 маусым № 246

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *