Сән әлеміТаңдаулы

Одри Хепберн

20-ғасырда  ақылды, дарынды, сәніне салтанаты сай әйелдер аз болмады. Олардың көпшілігі әлем деңгейінде таныла білді және аттары аңызға айналды. Әсіресе, өзіндік ерекшелігімен Еуропа сән әлемін дүр сілкінгендер аз болмады. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін сән әлемінде үлкен құрметпен еске алынады.

Солардың бірі және бірегейі тек әдемі әрі талантты ғана емес, жан жүрегінің жылылығымен де ел есінде қалған жарық та жарқын әйел Одри Хепберн болатын.

Одри Хепбернді өткен ғасырдың толық мағынасындағы нағыз сұлу әйелі деп атауға болады.  Оның үлкен сахнаға қоса әлемді жаулаған ақылы мен алған бетінен қайтпас қайсарлығы, еңбексүйгіштігі таң қалдырарлық еді. Әлемге атышулы әтірлерімен танымал болған Юбер де Живанши бірде: «Қымбатты Одри, сіздің сыртқы сұлулығыңыздан гөрі, ақылыңыз бен жан дүниеңіз нәзігірек » — деген екен.

«Қай жақтан боласыз» деген сұраққа Одри «Мен жартылай ирландықпын, жартылай голландықпын, өзім Бельгияда дүниеге келгенмін» деп жауап беретін. 1929 жылы 4 мамырды Брюссель маңындағы Иксельде дүниеге кішкентай Одри Хепберн  ата анасы ажырасып кеткен соң анасымен бірге Брюссельде тұрды, көп ұзамай анасы Голландияға көшті де 10 жасар кішкентай Англиядағы Кент қаласына кетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол мектепті тастап анасының қасына кетуге мәжбүр болды.

Одри Хепберн  алғашқы рөлін ән айта алмағанына қарамастан «Бауы бар бәтіңке» мюзиклінде ойнады. Одри Хепберннің өмірінде оны құлай сүйген еркектер өте көп болды.

«Парамаунт» студиясы оған алғаш басты рөлді «Рим демалыстары»фильмінде ойнауға шақырды. Осы рөл үшін ол үздік әйел бейнесі үшін «Оскарды» алды. Басты кейіпкер ханшайымның серіктесі атышулы Грегори Пек болатын.

«Рим демалстарынан» кейін Одри Хепберн көптеген әйгілі фильмдерде ойнады: «Сабрина» , «Монахиня оқиғалары» , «Тиффанидегі таңғы ас»  и «Кеш болғанша күт», «Шарада» т.б. осы фильмдерде Грегори Пектен басқа да атышулы актерлар  Гари Купер, Шон Коннери, Фред Астер, Хамфри Богарт, Питер О’Тулмен серіктес болды. Одри Хепберн бүкіл ғұмырында атақты модельер Юбер де Живаншидің музасы болды. Живанши қырық жылдан астам уақыт тек Одри үшін киім үлгілері мен иіссулар шығарып келді. Одри өмірден өтті, Живанши де кетті, алайда музаға арналаған иіссулар әлі күнге дейін адамзаттың басын айналдырып келеді.

60 жылдардағы стильдің төресі өзінің қиын балалық шағын даңқ биігіне шыққан кезде де ұмытқан жоқ. Ол қыздарға «ернің әдемі көрінсін десең, жақсы сөз айт, тұлғам сымбатты болсын десең, аш адамдармен тамағыңды бөліс, көзің сұлу болу үшін мейіріммен қара» деген мәтелге айналған ақылын айтып кетті. Және бұны өзі іс жүзінде дәлелдей алды. Әртіс ЮНИСЕФ- пен бірігіп, әлемде ізгілік пен қайырымдылық шуағын шашуға тырысты.  Осы еңбегін бағалаған Америка президенті   Джордж Буш 1992 жылы ЮНИСЕФ аясында еткен еңбегі үшін Президент медалімен марпаттады, ал Жан Хершолт атындағы  Гуманитарлық Сыйлықпен марпаттаған Америка Киноөнер Академиясы бұл сыйлықты Одридің қайтыс болуына байланысты қолына салтанатты түрде ұстата алмады, оның баласына тапсырды. Одри Хепберн өз денесін дендеген дертті сыртқа білдірмей, әлемнің түкпір-түкпіріне зардап шегіп жатқан балаларға қолын созу үшін жан сала еңбек етті. Бұл оның әйел ананың бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететіндігін делелдегені еді. Әйелдің қолынан көп нәрсе келеді. Мейірім мен сұлулық әйелмен бірге жаратылған, ал ол әйел ақылды болса – нұр үстіне нұр.

Бану Дәулетбаева

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *