СұхбатТаңдаулыШоу бизнес

 Айнұр Асанберді, нумеролог:  Нумерологияның дінге қатысы жоқ

  1. Қазіргі қоғамда әлеуметтік желі адамдар үшін ең үлкен ақпарат құралына айналған сияқты. Көпшілік, бұқара халық өзіне керекті ақпараттың барлығын әлеуметтік желіден алады. Сіздің өміріңіздегі  әлеуметтік желінің орны қандай?

Рас, қазіргі кезде әлеуметтік желі біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып отыр. Желі де өмір сияқты, біреу ақпарат алу үшін пайдаланады, біреу бизнесін жарнамалап отырады. Біреулер тұтынушы деген сияқты. Шынымды айтсам, өзім көп ешкімді оқымаймын. Дегенмен қазіргі кезде мен үшін адамдармен қарым-қатынас құралы Инстаграм десем артық айтқандық емес.

  1. «Ең әуелі сөз болған» дейді. Сөздің киесі, магиясы бар екені де рас. Маған Сіздің өз оқырмандарыңызға үнемі жақсы сөздер айтуды үйрететініңіз ұнайды. Сіздің өміріңізде Сөздің орны қандай?

Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар ғой.  Халқымыз соны ұстанса деп армандаймын. Сөздің құдіреті шексіз. Сөз арқылы біз өз өмірімізге жақсылықты да, жамандықты да, ауру-сырқауды да, бақыт пен байлықты да, сәттілікті де шақыра аламыз. Өз қалауыңызды алдымен тіл арқылы дұрыс жеткізе алсаңыз, оны ми тезірек қабылдайды. Жақсы нәрсе айту, жақсы нәрсе жазу, жақсы нәрсе тілеу, жақсы ойлау – осының барлығы сіздің өміріңізді 360 градусқа өзгертеді. Синельников өзінің  «Полюби свою жизнь» деп аталатын кітабында адамдардың боқтық сөз арқылы өздеріне қалай ауру тауып алатынын нақты мысалдармен жақсы түсіндіріп береді.  Оқысаңыздар болады. Сондай-ақ, біздің ойымыз бен тіліміздің ұштасып  жататындығының дәлелі – егер сіз жақсы ой ойлап тұрсаңыз аузыңыздан жақсы сөз щығады, ал жаман ойда жүрсеңіз жаман сөз айтасыз. Аузыңыздан шыққан сөз сіздің тағдырыңызға міндетті түрде әсер етеді. Бұл дәлелденген. Бұл туралы ғалымдардың, жазушылардың көптеген кітаптары жарық көрген. Психологиялық техникалар бар. Сондықтан әрбір сөзімізге абай болайық дегенді айтқым келеді.

  1. Бұл әлемде барлығы ғажайып үндестікпен жасалғаны белгілі. Сол үндестікті әлемде сандардың да орны бар шығар деп ойлайтыным туралы өткен бір жолы өзіңіз туралы Инстаграм парақшасында лебіз білдірген кезімде жазғанмын. Сіздің өміріңіздегі Санның орны қандай?

Иә, мен қазір «сандар сөйлейді, сандар арқылы ғажайыпқа жетуге болады, баюға, сан арқылы санамызды өзгертуге болады деп көп айтып жүрмін. Өйткені әрбір сан өмірінде үлкен мән-мағынаға ие. Біз сағатпен оянамыз, сағатпен жүреміз, жасымызды санаймыз, туған күнімізді – барлығын сандармен байланыстырамыз. Сондықтан мен үшін сандардың орны ерекше. Қандай арманыңыз болса да, оны санмен бекітіп үйрену керек. Мәселен үй алғыңыз келсе, мынадай бағадағы, осынша  қабатты, мынша бөлмелі үй деп елестеткен жөн. Армандар картасын жасаған кезде арманыңыздың артына сол арманның ақшалай сомасын да жазу керек. Сандардың сиқырлы әлемін кезінде Пифагор тегіннен-тегін терең зерттеген жоқ. Өйткені сандардың біздің өмірізде алатын орны ерекше. Сондықтан сандар әлемін зерттеп, оны бізге ілім ретінде қалдырып кетті.

 

Мен сиқыршы емеспін. Менің тек білетін іліміммен бөлісіп жүрген жайым бар. Маған бар үмітім сізде деген xаттар көп келуде. Маған сүйенудің қажеті жоқ қыздар. Бәрін білуші бір Алла. Менің айтып жүргендерім эзотерика. Ол сіздің ойыңызды, сөзіңізді позитивке бұруға арналған. Сізбен сөйлессем бар мәселем шешіліп кететіндей дейтін жандарға айтарым сіздің ситуацияңызды сізден басқа ешкім шеше алмайды. Қиналдым деп қайғыра бергенше ойыңызды жинақтап, санаңызды тазартып жақсы істерге қарай бет бұрсаңыз бәрі де өзгереді. Егер сіз тұнжырап жүрсеңіз мен әйтпесе басқа біреу не айтсада ол сізге әсер етпейді. Қандай қиыншылық болса да ол уақытша. Бірақ оны қабылдау әркімде әр қалай. Біреу қасқайып қарсы алса, екіншіміз морт сынып жатамыз. Сынсаңызда, төтеп берсеңізде оған ешкімнің ештеңесі кетпейді. Қайғыратын да, қуанатын да өзіңіз. Сондықтан тағдырға мойын ұсына отырып түрлі амал жасап өмірімізді жақсы арнаға бұруға тырысайық.

  1. Нумерологиямен айналысқаныңызды құптамайтын әсіре діншілдердің, басқа да түсінігі бөлек жандардың сізге қарсы айтылған сөздерінен, басқадай әрекеттерінен қалай қорғанасыз?

Нумерология – бұл Ислам дінінде де бар нәрсе, «Әбжат» деп аталады. Мұны бұрын пайдаланған екен. Кейіннен бұған әсіредіншілдер рұқсат бергісі келмейді. Жалпы нумерологияның дінмен еш байланысын көріп тұрған жоқпын. Жұрттың ойына мен жауап бере алмаймын. Бірақ біздің мемлекетімізде бұл ілімге ешқандай тыйым салынбаған. Сондықтан мен ҚР Заңдарына сүйене отырып, әрекет етемін, әрі ешкіммен күресуге де құлқым жоқ. Мүмкін олардыкі де дұрыс болар. «Олардыкі дұрыс емес, менікі дұрыс» деудің өзі де күнә. Сондықтан өзімдікі дұрыс, болмаса олардыкі қате деп кесіп – пішіп айту – ақиқатқа сай келмейтін шығар.

  1. Нумерология ілімі бойынша адамның мінез-құлқын, жалпы мінездемесін жасауға болады екен. Мәселен, менің туған күнім 1980 жылдың 12 ақпаны. Осыған қарап отырып мен туралы не айтуға болар еді?

Сіздің өмір жолыңыз бестік саны.   Өмір жолы бестік адам  әр нәрсенің мәніне, мазмұнына үңіледі. Шығармашылық қуатқа ие. Барлық сандар бестік арқылы өтеді. Талантты, ӘЛЕМДІ өзгерте алады. Бәсекелес. Міндетті сапалы орындайды. Терең білімді. Космоспен тікелей байланысы бар. Заң аясында әрекет етеді. Шабыт береді. Табиғат заңына бағынады. Сауатты адам. Тәртіп сақтайды.

Жаңалықтар ашуға, өзгерістер жасауға бейім адамдар. Табиғи ағыммен өмір сүреді. Арманы асқақ. Қарым-қатынасты оңай бұза алады. Бұл адамды үнемі таңғалдырып отыру керек. Тұрақсыз. Бірнеше істі қатар алып жүруге тырысады. Талантты. Икемді, шыдамсыз. Уайымшыл. Іш пыстыратын істермен айналысқанды жақсы көрмейді. Ісінде береке жоқ. Кейде бір күнмен ғана өмір сүреді. Ескілікті жаны сүймейді. Махаббат үшін, шығармашылық үшін жауап береді. Өзгерістің, саяхаттың, қым-қуыт оқиғалардың саны. Кейде тіпті скутерге отырып кетуге де дайын. Қорқыныш дегенді білмейді. Таным рухы бар. Өзгенің тілегіне шыдамды. Олар ешкімге ұқсамайды. Үйленуі, тұрмысқа шығуы қиын. Жеңіл адамдар. Бәрін өзгерте алады. Бәріне қызыға беретіндіктен, кейбір жобалары аяқсыз қалуы мүмкін. Бірақ таңдаулы жобалары жақсы аяқталуы мүмкін. Тұрақтылықты жақсы көрмейді. Еркіндікті жаны сүйеді. Табиғатқа қарсы шықпайды. Өзінің қасиеттерін көрсетуі тиіс. Олар біреудің пікіріне құлақ аспайды.

  1. Нумерологияда байлық коды, сәттілік коды, қаржы коды дегендер бар. Оларды бір-бірінен қалай ажыратады? Және есептеу жолдарын біздің оқырмандарымызға да айтып беріңізші? Негізге 1980.02.12 датасын алыңыз.

Сіздің қаржылық кодыңыз 3295. Оны былай есептейді. Туған күн, ай, жылыңыздағы сандарды бір біріне қосасыз.

1+2=3

0+2=2

 1+9+8=18 1+8=9

3+2+9=14 1+4=5

Шыққан сандарды қатар жазғанда 32 95 болады. Осы қаржылық кодын Өмір жолын анықтайтын бес саны бар купюраға жазып қоясыз.

Сәттілік саны  112289

Ақша шақыратын сан  122198

Ақшаға қатысты тағдыр саны  1+2+2=5

500, 5000 сияқты ақшаға фин код жазып қойыңыз…

Ақшаға қатысты тағдыр саны 5 болған адамдар ақша мәселесінде жолы болғыштар, ақша қиындықсыз келеді. Бірақ тез жаратып тастайды…

  1. Айнұр, оныңыз рас. Манадан бері мен туралы айтқандарыңыздан көп сәйкестік байқадым. Енді ата-анаңыз, өскен ортаңыз, олардың қазіргі сіздің бизнесіңізге деген көзқарасы туралы, Тонус орталығыңыздың жұмыстары туралы да айтып өтсеңіз?

Менің саным 5 болғандықтан – мен еркіндікті, еркін ойды қалаймын, менің ойымды, еркімді шектеп бір қалыппен жүргізуге әрдайым қарсымын. Ата-анам менің мінезімді жақсы біледі. Олар Астанада тұрған кезде, мен Астанаға оқуға түспей, Алматыға арман қуып, оқуға кетіп қалғанмын. Сондықтан мен не істесем де олар үнемі қолдау көрсетіп отырады. Және менің өмірімде, қандай іспен айналыссам да ең бастысы  — ол менің өмірлік серігім, жолдасымның пікірі. Ал ол менің қолға алған ісімнің барлығына әрдайым моральдық, материалдық қолдау көрсетіп отырады. Солай болған соң мен ешкімге алаңдамаймын, елеңдемеймін, сүйікті ісіммен айналысамын.

Сұлулық  және сымбаттылық салоны Тонус клубқа келетін болсақ, ол – менің 10 жыл бойғы арманым болатын. Жолдасымның қолдауының арқасында мен өз арманыма қол жеткіздім. Ал ата-анам тек қана қолдайды. Қазір өзім осы клубта жұмыс істей жүріп, көптеген қыз-келіншектерге жұмыс орнын тауып бердім. Әрі ойға алған бьағытымның, бағдарымның дұрыс екеніне көз жеткіздім. Аллаға шүкір деймін.

Сұхбаттасқан Бану Дәулетбаева

Осы айдарда

12 thoughts on “ Айнұр Асанберді, нумеролог:  Нумерологияның дінге қатысы жоқ”

  1. Саттілік саны жане ақаша шақыратын санын қалай есептейді.
    16.07 1992

    Ответить
    1. Салем .есептеп берейнбе толык

      Ответить
  2. Меним саттилик санымды билип беринизши?

    Ответить
  3. 1984.12.04 маган толык малимет берсениз Рахмет

    Ответить
  4. 1997.20.12 маган толык малымет берсениз рахмет

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *