АқпаратТаңдаулы

Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

Оның жаңа қызметке тағайындалғаны туралы Ақорданың Twitter-аккаунтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің бұрынғы басшысы Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы болған. 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, 1997–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры,  1998–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары, 1999–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры, 2003–2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары, 2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары, 2007–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

6 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары – ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған. Отбасылы, үш баланың әкесі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *