Афиша

«Париж Құдай анасының соборы»

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының

Алматыдағы гастрольдері

Морис Жарр

«Париж Құдай анасының соборы»

2 бөлімді, 13 көріністі балет

«Астана Опера» театры мен «Ролан Пети балеттері» Қоры (Франция)

Либретто авторы және балетмейстер Ролан Пети (Виктор Гюгоның аттас романы бойынша). Сценограф – Рене Аллио, костюмдер авторы – Ив Сен-Лоран. Хореография жаңғыртушысы – Луиджи Бонино, ассистенті – Джилиан Уитингам. Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев.

Басты партияларда:

Эсмеральда –     Әйгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Мәдина Басбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Квазимодо –       Бақтияр Адамжан /

Рүстем Сейітбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Фролло –            Арман Оразов / Серік Нақыспеков

Феб –                  Олжас Тарланов / Еркін Рахматоллаев

Тұсаукесері 1965 жылы 11 желтоқсанда Париж Операсында өткен.

1844 жылы Жюль Перро В. Гюгоның романы бойынша «Эсмеральда» балетін қойды. Алайда, Ролан Пети өз көзқарасын ұсыну үшін оның бастапқы атауына оралуды жөн көріп: «Мен, орта ғасырдың ұмытылғанын және көрермендер Виктор Гюго шығармасының қайғыға толы терең мағынасын түсінгенін қалаймын», – деді.

Оның спектаклінде басты орынға сұлу цыған қызы емес, Квазимодо шыққан. Бұл партияның алғашқы орындаушысы болған хореограф кемістігін байқату үшін костюм мен гримге мұқтаж болған жоқ, ол өз бүкірлігін «бимен» көрсеткен. Сахнада Квазимодоның жан-дүниесіндегі өзгерістер анық көрсетілген: ол өз «қожайыны» Клод Фроллоға деген шексіз адалдығын артқа тастап, бейкүнә Эсмеральданы құтқарып қалуға тырысады және оның өлімі үшін кек алуға дейін барады.

«Париж Құдай Анасының соборы» балетінде классикалық бидің мінсіз сұлулығы заманауи пластикаға толы өткір қимылдармен алмасқан. Сондай-ақ, бұл күрделі де қайғылы спектакльде қатал шындық пен қиял әлемі үйлесіп жатыр. ХІХ ғасырдағы «Эсмеральда» дәстүрге сай сәтті аяқталса, қаһарлы ХХ ғасырдың спектаклінде жалғыз Квазимодо ғана тірі қалады.

Спектакльге костюмдер жасаушы атақты сәнгер Ив Сен-Лоран Эсмеральданы қып-қысқа киімге киіндіріп, күллі париждік ақсүйектерді таң қалдырады – ол кезде бұндай үрдіс сәнге біртіндеп еніп жатқан еді. Бірақ та, оның ойынша барша еркектердің жүрегін жаулаған сұлу Эсмеральда дәл осындай қысқа ақшыл қызғылт көйлекпен шығуға тиіс болатын.

Бұл Ролан Пети мен оның қоюшылар ұжымы жасаған үлкен жеңіс болды: «Париж Құдай Анасының соборы» тұсаукесерден кейін бірден әлемдік хореография классикасына айналды.

Бір үзілісті қойылым

Ұзақтығы – 2 сағат

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *