Денсаулық
Баланың тіс күтімі
Әдетте тістотық (кариес) диагнозымен 2-3 жастағы балалар тіс дәрігерлерінің жиі қаралады
Әдетте тістотық (кариес) диагнозымен 2-3 жастағы балалар тіс дәрігерлерінің жиі қаралады. Оның себебі әртүрлі, мысалы, ол тіс тазаламаудан және бала ағзасында кальцийдің жетіспеушілігі мен тәттіні көп жеуінен болып жатады.
Тістотықтың алдын алу үшін балаға тәтті беруді азайтыңыз да, оған құрамында кальцийі көп тамақ беріп, тісті таңертең және кеште тазалап тұруға үйретіңіз. Нәрестеңіз тісін құрамында фторы бар тіс пастасын пайдаланса, оның пайдасы өте зор блар еді. Фтордың көмегімен тіс жаңадан шіри (бұзыла) бастағанда-ақ оны сақтап қалуға болады. Фтор өз кезегінде тіс эмалын шірітетін бактериялардың қышқыл түзуіне жол бермей, тіс қабыршықтарының ауыз қуысында таралуына кедергі жасайды. Сондай-ақ тіс мәсуегін (щетка) таңдау да өте маңызды, себебі барлық тіс мәсуектері пайдалы болып келе бермейді.
Шебер тазалаушы
Нәрестенің сүт тістеріне ең тиімді тіс мәсуегі силиконды массажер немесе қарапайым тілмен айтқанда силиконды тіс тазалағыш (саусаққа киілетін) өте тиімді. Ол қысқа силиконды бүртіктері бар ашық түсті қалпақшаға ұқсайды. Сұқ саусаққа киілген тіс тазалағыш арқылы қабыршақтарды (тісте пайда болған жұмсақ сарығыш түсті зат) ақырын алып, қызыл иекке массаж жасайсыз. Тіс тазалап болғаннан кейін, оны жуып стаканға салып қойсаңыз, оның қылшықтары таза әрі құрғақ болып тұрады. Тіс тазалағышты әбден жұқарғанша пайдалануға болады.
Ал, бала 2-3 жасқа келіп, өз тісін өзі тазалай алатын кезде оған арнайы тіс мәсуегі керек болады. Тіс мәсеуегін таңдау кезінде оның қылшықтары жасанды болғаны дұрыс, өйткені табиғи қылшықтарды микробтар тез таралады және ол өте қатты, нәрестеңіздің жұмсақ қызыл иегін жарақаттауы әбден мүмкін. Жасанды қылшықтарды табиғиға қарағанда ұзағарық пайдалана аласыз. Тіс мәсуегінің сабы жалпақтау болғаны жақсы және тіс мәсуегінің сабы ертегі кейіпкерлерінің бейнесінде жасалған болса, ол баланың көңілін аударып, оны қызықтырады. Ал, алғашында балақайға тіс тазалуға көмектесетін үлкендерге бұндай тіс мәсуектері тісті жақсылап тазалау үшін ыңғайсыз болуы мүмкін.
Тіс мәсуектерінің үстіңгі беті мықты материалдан болғаны жөн. Өйткені, кейбір нәрестелер жұмсақ желімді кеміріп тастауы ықтимал. Сосын тіс мәсуегі пайдаланудан шығып қалып жатады.
Электрілік тіс мәсуектерін өндірушілер оларды кішкене балаларға да жасанғанымен, дәрігерлер оны 10 жастан кейін пайдалануды ұсынады. Олар қажайтын болғандықтан, олар бала тісінің жұқа эмалдарына зақым келтіреді. Ирригаторды пайдаланатын ата-аналар оның тістің түпкі қуыстарына дейін тазартатынын біледі. Алайда, ол арқылы өтетін сөл қысыммен өтетін болғандықтан, ол баланы шошытып, оның әлі қата қоймаған тістеріне зақым келтіруі ықтимал.
Фтордың пайдасы
Балалар тіс пастасының құрамында шамалы фтордың болғаны жақсы, өйткені дәрігерлер тістотықтың алдын-алуға фтордың көмегі тиетінін дәлелдеген. Сондай қалай дейсіз ғой? Ауыз қуысындағы сөлге (сілекейге) фтор араласып, тіс айналасына жиналады да, өзіне өзге минералдарды тартады, мысалы кальций. Ал кальций өз кезегінде тістің алғашқы бұзылуында-ақ тіс эмалын қайта қалыпқа келтіреді. Әрине, тіс қалыпқа келу үшін, балаларыңыз құрамында фтор бар тіс пастасымен тісін күніне екі рет таңертең және кеште тазартып тұруы қажет.
Айта кететін жайт, тіс эмалында қалыптасатын минералдар, тіс құрамында бар минералдарға қарағанда қаттылау болып келеді. Сондай-ақ тіс тіндерінде фторапатит деп аталатын жаңа элемент пайда болады.Ол өз кезегінде ауыз қуысында пайда болатын қышқылдармен ғана күресіп қоймай, қауіпті қышқылдардың бөлінуіне себеп болатын бактериялардың таралуына жол бермейді. Алайда, дұрыс тіс пастасын таңдау үшін тіс дәрігерінің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Өйткені, кейбір аудандардағы су құрамында фтордың мөлшері көп болады, ал мұны балалар тіс дәрігері міндетті түрде біліп отырады. Осы жағдайда ол құрамында фтор бар тіс пастасын пайдалануға болмайтындығын ескертеді. Өйткені, бұл ағзадағы фтордың шамадан тыс болуына әкеліп соғып флюороз тіс ауруына шалдықтыруы ықтимал. Бұл ауру бала тісінің жаңадан қалыптасып келе жатқанында фторды көп пайдаланудан болады. Бұның жеңіл түрі тіс эмалында кішкене дақтардың болуы арқылы білінеді. Ал асқынған түрінде тіс эмалының түсі толықтай өзгеріп, тісте кедір-бұдыр пайда болуы мүмкін. Асқынған түрінде оны арнайы мамандардың көмегінсіз тазарта алмайсыз. Өндірушілер балалар тіс пастасын құрамына 300 ден 500 мг-ға дейін мөлшерде фторид қосады. Құрамында осындай фторид бар тіс пастасын пайдаланғанда бала аузына түсетін паста көлемі бұршақ көлеміндей болуы керек. Ал тісті күніне екі рет тазартып тұру қажет.
Жылтырағанның бәрі алтын емес
Тіс пастасын пайдалануды 2 жастан кейін бастаңыз, оған дейін тек тіс тазалағышпен тазартып тұрсаңыз да жеткілікті. Балаларға арналған тіс пасталары қорабының сыртында қай жасқа арналғандығы жазылып тұрады. 6 жасқа дейінгі балаларға «отбасылық» пасталарды пайдалануға болмайды, өйткені оның құрамында балаларға зиян заттар бар. Паста қажайтындай болмауына мұқият болыңыз. Ол бала тісінің жұқа эмалын зақымдауы мүмкін. Содан соң тіс пастасының қолданылу мерзіміне қарауды естен шығармаңыз, себебі кейбір пасталар тек 1 ай ғана жарамды болады. Және де паста алғанда оның небір дәмдеуіштермен болғанынан қашыңыз, өйткені сізден жасырып бала пастаның дәміне қызығып жеп қоюы ғажап емес. Ал тәтті дәмдеуші бар паста алуды жөн көрсеңіз, онда жалбыз дәмімен ала көрмеңіз, өйткені ол кейде баланың құсқысын келтіреді.
Балаңыз тісін қалай тазалайтынын әрдайым бақылауда ұстаңыз. Егер көзден таса етіп алып, ал балаңыз пастаны жеп қойса, онда оның бірден құсқысы келеді, бұл дегеніңіз улану белгісі, сол себепті бірден жедел жәрдем шақырыңыз.
Мықты тіс үшін бірлесіп күш саламыз
Балақай тісін тазартуды өзі үйрену үшін, оны осы іске қызықтыру керек. Қызықтыру үшін тіс тазалуды баланы жалықтырып жіберетін тек тазалық үшін іс емес, оны ойынға айналдырыңыз. Сау тіс туралы ертегілер ойлап табыңыз. Ертегіңізде кейіпкерлеріңіз тістерін тазаламағандықтан, олардың тістері ауырып немесе түсіп қалу секілді оқиғалармен өрбітіңіз. Жаңғақты қатырлатып шағатын ақ тиіннің аппақ мықты тістері туралы өлеңдер оқып беріңіз. Бір сөзбен айтқанда, не ойлап табсаңыз да, ол бала тісін тазалуға қызығатындай нәрсе болсын. Немесе, тіс тазалап болған соң ертегі оқып беремін деп,- балаңызды қызықтырып қойыңыз. Бала тіс тазалау кезінде пастасын, мәсуегін, стаканын таңдау кезінде өзіңіз бас көз болып тұрыңыз да, осы әрекетті дәстүрге айналдырыңыз. Сіздің істегеніңізді қайталай отырып, оның бұл іске деген қызығушылығы арта түседі.
Бала тісінің сау болуының тағы бір кепілі – дұрыс тамақтану. Тісте тіс тотықтарының пайда болуына алып келетін тәттілерді аз беріңіз. Сондай-ақ есте сақтаңыз қант тек конфеттерде ғана емес, тәтті тоқаштарда да және печеньелерде де болады. Баланы көкеністерге үйретіңіз. Алма, сәбіз тек пайдалы ғана емес, сондай-ақ тіс тазалуға жақсы көмектеседі. Баланың тамағында көбіне сүт тағамдары болғанын естен шығармағаныңыз жөн. Өйткені ірімшік, сүт, айран кальцийге бай тағамдар.
«Егер тісіңді тазаламасаң, дәрігерге апарып жұлғызып тастаймын»,- деп баланы қорқытушы болмаңыз. Керісінше, балаға тіс дәрігерін осы әлемдегі ең жақсы адам ретінде, ол тістердің қамқоршысы және ол тістердің сау әрі жақсы болып өсуіне көмек беретін балалардың досы екенін санасына құюға тырысыңыз. Сондай-ақ балалардың досы – тіс дәрігеріне жиі барып қаралып тұруды ұмытпайғайсыз.
Тісті қалай дұрыс тазалаймыз?
Тісті неғұрлым дұрыс тазалау керек екенін балаға үйретіңіз. Ең бастысы тіс пастасын тек тіске жағып шығу ғана емес, онымен тісті жақсылып тазалау керек екенін түсіндіріңіз. Егер жақсылап тазаламаса тісте қалып қойған тамақ қалдықтары жиналып бактерияларға айналатынын айтыңыз.
Тісті күніне екі рет таңертең және кеште тазалап тұру керек. Таңертеңгі тазалу бұрынғыдай аш қарынға тамақтың алдында емес, тамақтан кейін болу керек. Өйткені таңғы астан кейін қалған тамақ қалдықтарын тазалу үшін. Ал кешкісін кешкі астан кейін, бұл да тістегі тамақ қалдықтарын тазарту мақсатында.
- Тісті тазаламастан бұрын тіс мәсуегін тазалуды үйретіңіз. Өйткені түні бойы оған микробтар жиналып қалатынын түсіндіріңіз.
- Тіс мәсуегіне шамамен 0,5 см тіс пастасын жағуды үйретіңіз. Сосын, тіс мәсуегінің басын ауызға қалай дұрыс орналастыру керектігін айтыңыз. Мәсуек қызыл иекке 45 градус орналасуы тиіс. Қызыл иектен тіс ұшына дейін тістің сыртын мұқият тазарта 10-15 рет айналдыра тазалаңыз. Балақай сіздің істегеніңізді қайталасын. Бұл алғашқыда оған қиын соғары сөзсіз, алайда сіз оны қызықтыруға тырысыңыз. Оған айтқан ертегілердегі кейіпкерлерде тістерін осылай мұқият тазайлайтынын айтып қойсаңыз, бала қызығады.
- Тістің ішкі жағын қызыл иектен тістің ұшына дейін тазалау керек екенін түсіндіріңіз. Мәсуекті тіске көлденең ұстаңыз да, 10-15 рет алға-артқа айналдыра тазалаңыз.
- Балақайға тісін жан-жағын, барлық тұсын жақсылап тазалауды үйретіңіз.(3 сурет)
- Алдыңғы үстіңгі тістердің сыртын ғана емес, ішкі жағында тазалауды ұмытпаңыз. (4 сурет)
- Балақайға қызыл иекке массаж жасауды үйретіп қойыңыз. Ол аузын жауып мәсуекті алмастан, қызыл иегі мен тістеріне мәсуек басы тиетіндей етіп айналдыра тазаласын. Сырт қарағанда бұл қызық көрінгенмен бұлай жасау міндетті.
- Балақайға тіл үстінде де бактериялар болатынын айтыңыз. Оны анда-санда болса да, тазалап тұрғаны жақсы болады. (5 сурет) бұны тіл үстімен мәсуекті тіл ұшына дейін бір-екі рет жүргізіп шықса болғаны.
- Тіс тазартуды аяқтағаннан кейін, міндетті түрде мәсуекті тазалап жуу керектігін ескертіп отырыңыз. Себебі, мәсуек қылшықтарында тамақ қалдықтары мен паста қалып қоюы мүмкін. Тек содан кейін ғана мәсуектің бас жағын жоғары қаратып стаканға салып қою керек.
- Балақайға тіс тазалудың қыр-сырын айтып беріңіз. Мәсуекті қатты қысып басып ұстамасын, пастаны белгілі бір мөлшерде ғана пайдалансын, тісті тазарту кезінде және одан кейін ауызды жақсылап шайқасын.
arqas.kz
3жасар улым бар еді тісі ауырып жур тіспа деп сурасам я дид. Бирак жугызбайд я корсетпид коркады. Жылайды тисим ауырды деп соган нестесек болады