Шоу бизнес
Алтынай Жорабаева мемлекеттік бағдарламаның бренд-амбассадоры болып жарияланды
Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік бағдарламаның бренд-амбассадоры болып жарияланды.
«Аналогтық телевизиядан цифрлыққа (ЦЭТВ) өту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваны жобаның бренд-амбассадоры етіп жариялайды. Белгілі әнші халықты Қазақстанда цифрлық хабар таратуға көшудің қажеттілігін түсіндіру үдерісіне белсенді түрде қатысады», – делінген хабарламада.
Қазақстанның белгілі әншісі қазіргі Түркістан облысының тумасы болып табылады. Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары осы жылдың қазаны мен желтоқсанында аналогтық хабар таратуды тоқтатып, цифрлыққа өтетін алғашқы аймақтардың қатарында болады.
Алтынай Жорабаева – Қазақстан эстрадасының белгілі жұлдызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алған. Төрт баланың анасы.