Руханият

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының театры директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды

Мәдениет және спорт министрі А.Мұxамедиұлының бұйрығымен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды. Әкемтеатр ұжымына жаңа директорды вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

ӘБДІХАЛЫҚОВ СӘБИТ ӘБДІМҮТӘЛІҰЛЫ

1973 жылы 1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауылында дүниеге келген.

* 1992 — 1996 жылдары «театр және кино актері» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын) бітірген.

* 2009 жылы Біліктілігін арттыру мақсатында «New York Film Academy» USA қосымша білім алған.

* 2013 – 2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «өнертану ғылымдарының магистрі» дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

* 1996 – 1999 жылдары “Бауыржан-шоу” әзіл-сықақ театрының актері

* 1999 – 2003 жылдары “Тамаша” сатира театрының актері

* 2003 жылдан “Мафия мен Тақия” әзіл-сықақ театрының актері

* 2006 – 2007 жылдары “Қазақ әуендері” АҚ филиалының “Қазығұрт” эстрада театрының жетекшісі

* 2008 – 2012 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық орталығының жетекшісі

* 2008 – 2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы

* 2012 – 2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушысы

* 2013 жылы ОҚО Мәдениет басқармасының «Оңтүстік-Цирк» МКҚК директоры

* 2014 – 2015 жылдары «Салтанат Мемлекеттік би ансамблінің» директоры

* 2015 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызыметін атқарады.

Мемлекеттік марапаттары:

* 2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты

* 2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.

* 2015 жылы «Қазақстан конституциясына 20 жыл» медалі

* 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

* 2017 — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

* 2018 жылы «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *